Бірлік пен әділдікке негізделген еңбек мерекесі
Бүгін елімізде Қазақстан Кәсіподақтар күні аталып өтеді — бұл еңбек адамын қолдау, әділдік пен ынтымақты дәріптейтін маңызды мереке.
👩🏫 Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мектеп өмірінде ерекше орын алады.
Кәсіподақ ұстаздар мен қызметкерлердің құқықтарын қорғап, қолайлы еңбек жағдайын жасауға, ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайтуға ықпал етеді.
Осы мереке күні мектеп кәсіподағының барлық мүшелеріне шын жүректен алғыс білдіреміз!
Сіздердің белсенді ұстанымдарыңыз бен мектеп ұжымының дамуына қосқан үлестеріңіз зор.
🌿 Еңбектеріңіз еленіп, ұжымдарыңыз ынтымақты болсын!
Әділдік пен адал еңбек әрдайым үстемдік етсін, еңбектеріңіз жемісті, көңілдеріңіз көтеріңкі болсын!





