Бүгін мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған апталықтың ашылуы өтті.
Бұл мереке – еліміздегі әрбір ұлт пен ұлыстың тіліне деген құрметтің, бейбітшілік пен татулықтың нышаны.
Тіл – халықтың жаны, мәдениеті мен тарихының айнасы.
Апталық барысында түрлі танымдық, тәрбиелік және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларымыз тілге деген сүйіспеншілігін көрсететін болады.
Тіл бірлігі – ел бірлігі!





