1 қыркүйек күні Білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға 1-11 сынып оқушылары, ата-аналар, қонақтар қатысты. Мектеп оқушыларын және келген ата-аналарды мектеп директоры Абилкаримова Маржан Мухамеджановна, Ақбұлақ ауылының әкімі Ахметов Б.С. құттықтады. Сонымен қатар "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-11 сыныптарда "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті.





