КГУ "Чеховская СШ"
Ресми интернет-ресурс

"Білім әлеміне күлкімен"

Previous Next

Бүгін күздің алғашқы күнімен қатар келген Білім күні мектебімізде "Мектебім —мейірім мекені" атты алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін алғаш рет қоңырау соғылды.1-сыныптың партасында 7 оқушы білім алатын болады. Білім нәрімен сусындататын алғашқы ұстаздары Олжабаева Айнур Ибраевна.

Салтанатты кеш қонақтары: ауыл әкімі Ахметов Б. С, мектеп директоры Абилкаримова М. М. бүлдіршіндерге ақ тілектерін, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар мектеп абыройын асқақтатқан Ыдырыс Аяжанға аудан білім бөлімі атынан планшет сыйлады. Абжанов М. З, Нурбаева К. Ж, Махибаева Н. С аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен, Смаркалова А. В. кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен, Алинбек Б. Қ. білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Барша оқушыларға осы оқу жылында таудай талап, қажымас қайрат, мұғалімдерге жаңа табыс, шыдам мен сабыр тілейміз.

Записаться на прием