2025 жылдың 18 қыркүйегінде мектебімізде үзіліс уақытында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және оларды ұлттық мәдениетке баулу. Іс-шара барысында ұлттық биіміз – «Қара жорға» биленіп, сонымен қатар «Ақ серек, көк серек» сынды ұлттық ойындар ойнатылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұйымшылдық, достық пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Жаңалықтар
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Қаралды: 4





