КГУ "Чеховская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Отанға арналған патриоттық әндер!

Previous Next

Бүгін мектебімізде «Менің Республикам — менің мақтанышым» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Іс-шара Республика күніне арналды.

Шара жылы да әсерлі атмосферада өтті. Байқаудың басты мақсаты — оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру болды. Әр сынып өз өнерін көрсетіп, ерекше дайындық пен шығармашылық қабілеттерін танытты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Домбыра дастан» тобы Гран-при иегері атанды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділік пен Отанға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс білдіреміз! 💙💛

Записаться на прием