Чехов орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушылары аудандық пікірсайыс турнирінде «Көп тіл білу қажет пе, әлде бір тілді терең меңгеру ме?» тақырыбында өз білімдері мен шешендігін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🌟
Құттықтаймыз жас шешендерімізді және жетекшісін!
Пікірсайыс — тек сөз өнерінің сайысы ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлауды, дәлелмен сөйлеуді және өзіне сенімділікті дамытатын тамаша мектеп.
Пікірсайысқа қатысу арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын нақты жеткізуге және өзгелердің пікірін құрметтеуге үйренеді — бұл қасиеттер әрбір табысты тұлғаға қажет.
«Уәлиханов аудандық білім бөлімі» КММ жоспары аясында
💬 «Көп тіл білу қажет пе, әлде бір тілді терең меңгеру ме?»
тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл додада Чехов орта мектебінің командасы өз мектебіміздің намысын абыроймен қорғап, жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🏆
👏 Құттықтаймыз біздің жас пікірсайысшыларымызды:
-
Жамағатқызы Мадина
-
Жұмаш Камила
-
Қайролла Мәншүк
(8 «ә» сынып оқушылары)
Жетекшісі: Алинбек Бибінұр Құралбекқызы.
💡 Жас шешендерімізге шабыт, сенім және жаңа жеңістер тілейміз!
Әр жарыс — жаңа жетістікке бастайтын қадам болсын.
Сендер — мектебіміздің мақтанысысыңдар! 🌟





