Мектебіміздің педагогикалық ұжымы «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық: себептері және оны болдырмау жолдары» тақырыбында өткен аудандық семинарға қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың негізгі себептері жан-жақты талқыланып, олардың алдын алудың тиімді тәсілдері қарастырылды. Оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы оқу ортасын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, жасөспірімдермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін ұсынып, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастырудың заманауи жолдарын ортаға салды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әрі олардың жауапкершілігі жоғары, әлеуметтік белсенді азамат болып қалыптасуына оң ықпал етеді.





